Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізіледі?

Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізіледі? Сурет: Atameken.kz

Өңірлерде инфекция жұқтыру көрсеткіші артып келеді.


Ауруханаға жатқызу көрсеткіші 50 адамнан асқан кезде нысандарда Ashyq қосымшасы міндетті түрде пайдаланылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізілетінін нақтылап айтты.


Ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, «жасыл» және «сары» аймақта ешқандай шектеу шаралары жоқ. Бірақ санитарлық ережелер қатаң сақталуы шарт. Қоғамдық орындарда дезинфекция жасалады. Бетперде киюге ұсыныс жасалған. Ал «қызыл» аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне қарай екі кезеңмен қабылданады.



«Бірінші кезеңде R 1-ден артық болғанда, яғни, аурудың таралуы күшейген кезде және 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызу көрсеткіші 25-50 науқасқа дейін болған кезде, бизнес шектеусіз жұмыс істейді. Бірақ жабық үй-жайларда және көліктің барлық түрінде бетперде кию міндетті болады. Екінші кезеңде R-ға қарамастан, ауруханаға жатқызу көрсеткіші 50 адамнан асқан кезде нысандарда Ashyq қосымшасы міндетті түрде пайдаланылады», - деді Ғиният.



Бұдан бөлек, көпшілік шаралар мен бизнес нысандарға кіру жағынан 50 пайыздық шектеу қойылады. Білім беру ұйымдарында қосымша шектеулер енгізіледі. Барлық ұйым қызметкерлерінің 30 пайызы қашықтан жұмыс істеуге ауысады.


Айта кететін жайт, қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта тұр, қалғандары «жасыл» аймақта. Дегенмен, өңірлерде инфекцияның жұқтыру көрсеткіші артып келеді. Мәселен, соңғы екі аптаның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар мен Ақмола облыстарында вирус жұқтырғандардың саны 6 есеге өскен.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53

10:50

10:49

10:46