Арнайы шара барысында Алматы полицейлері 12 мың үйді тексерді

Арнайы шара барысында Алматы полицейлері 12 мың үйді тексерді Сурет: Polisia.kz

380 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Алматы полицейлері «Участок»  атты республикалық жедел алдын алу іс-шарасын жүргізіп жатыр. Осы шара аясында олар 12 мың үйді тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, шара барысында полицияда есепте тұрған 410 адам тексерілді. Тұруға тиісті тіркеусіз тұрғын үй берудің 340 фактісі анықталған, оның ішінде уақытшасы да бар. 



«Сонымен қатар, ЖАІ бірінші аптасында тұрғылықты жері бойынша 259 шетелдік азамат тексерілді, көші -қон заңнамасын бұзудың 11 фактісі анықталды. Сот шешімімен екі адам елден шығарылды, бес шетелдік азаматтың елде болу мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ, нақты тұрғылықты жері жоқ 20-дан астам адам ұсталды, олардың 15-і қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың 95-і ұсталды, олардың 25-і қоғамдық орындарда алкогольдік сусындарды ішкені үшін, заңды өкілдерінсіз жүрген сегіз бала ойын-сауық мекемелерінде табылды. Қаңғыбастық пен қайыршылық үшін 26 жасөспірім ұсталды, оның 12-сі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.



Мамандардың айтуынша,жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонды және басқа да заңсыз әрекеттерді ауыздықтау мақсатында Алматы қаласының аумағында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 1 желтоқсанына дейінгі аралықта «Участок» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.



«Іс-шараның негізгі міндеті – әкімшілік аймақтарды үйден-үйге және ауланы айналып өту, тіркеу ісіне тұрғындар туралы ақпаратты енгізу, ІІО тіркелген адамдармен алдын алу жұмысын жүргізу, сонымен қатар, заңсыз бағдарланған адамдар туралы жан-жақты ақпарат жинау», – деп түсіндірді Саттаров.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32