«Алтын домбыра» Арқаға аттанды

«Алтын домбыра» Арқаға аттанды Сурет: интернеттен

Астанада екі күн бойы «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті.


Бұл жолы 16 ақынның ішінен топ жарған Мақсат Ақанов «Алтын домбыраның» иесі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Еңбек – ел ырысы» тақырыбындағы қарапайым еңбек адамдарына арналған республикалық ақындар айтысын «AMANAT» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған.



Бас жүлдені иеленген қарағандылық Мақсат Ахановқа «Алтын домбыра» мен автокөлік берілді.


1-орын және «Айтыс ақтаңгері» атағы қызылордалық Мейірбек Сұлтанханға, 2-орын павлодарлық Аспанбек Шұғатайға бұйырды. 3-орынды ұлытаулық Төлеген Жаманов пен Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина алды.


Сондай-ақ, жамбылдық Алина Айдаралы, Батыс Қазақстан облысының айтыскері Мұрадым Мейірланов пен алматылық Шұғайып Сезімхан арнайы жүлде иеленді. Айтысқа қатысқан барша ақынға қомақты сый-сияпат табысталды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39