Алматының тәртіп сақшылары қала мектептерінде дәріс оқуда

Алматының тәртіп сақшылары қала мектептерінде дәріс оқуда Сурет: Polisia.kz

Құқықтық білім беру, ең алдымен Алматының жалпы білім беру мекемелеріндегі жоғары сынып оқушыларын қамтиды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Polisia.kz мәлімтінше, дәріс тақырыбы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға арналған. 



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында адал азамат пен әдепті тұлғаның негізі бала кезінен қалыптасатынын, сондықтан біз өскелең ұрпаққа қауіпсіз әрі алаңсыз өмірді қамтамасыз ету керек екенімізді атап өтті. Осы нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында оқу жылының басынан бастап №152, №169, №26 мектеп-гимназия оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында өскелең ұрпақпен олардың құқықтық сауаттылығының аспектілерін сындарлы түрде талқыладық, қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке қатысты сұрақтарға жауап бердік, сонымен қатар тәжірибемізде жиі кездесетін бірнеше жағдайларды пысықтадық. Ең бастысы – профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына баса назар аударылды», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00

11:52