Алматылық полицейлер оқушыларға есірткі қолданудың зардаптары туралы айтты

Алматылық полицейлер оқушыларға есірткі қолданудың зардаптары туралы айтты Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясының қызметкерлері биылғы жылдың басынан бері синтетикалық есірткінің зияны туралы 50-ден астам дәріс оқыды.


Бұл жолы тәртіп сақшылары НЗМ оқушыларына есірткіні қолданудың қайтымсыз салдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында, тұрақты негізде, білім беру ұйымдарында да профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тиісті тақырыптар бойынша дәрістер әзірленді. Бейне роликтер дайындалып, буклеттер мен брошюралар басылып шығарылды. Дәрігерлер мен үкіметтік емес ұйымдар есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында семинарлар, дәрістер, спорттық-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Оларға 2 мыңнан астам адам қатысты», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



НЗМ-де тағы бір құқықтық білім беру бағдарламасы өтті. Жедел уәкілдер жастарға есірткі қылмысының алдын алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және сол тектестердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтып берді.


Сонымен қатар нашақорлықтың алдын алу және психоактивті заттарды тұтынудың адам ағзасына тигізетін кері салдарының әсері, сондай-ақ электронды темекі мен энергетикалық сусындарды пайдаланудың қауіптілігі талқыланды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:26

19:44

19:10

18:53

18:44

17:44

17:41

17:33

17:04

16:43

16:13

15:40

15:08

14:55

14:51

14:45

14:19

13:16

12:49

12:22

12:17

12:11

12:08

12:05

12:00