Алматылық оқушы бір күннің ішінде танымал боп шыға келді

Алматылық оқушы бір күннің ішінде танымал боп шыға келді Cурет: 24.kz

4-ші сынып оқушысы қалада өткен іс-шаралардың бірінде «Ұстазым» әнін орындаған әншіге орта жолдан қосылып, жұрттың назарын өзіне аударды.


Бейнежазбаны әлеуметтік желіде бір тәулікте 3 миллион адам қарап, 10 жастағы бүлдіршіннің ерекше дауысына сүйсінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Айбар дәл осы байнежазба арқылы танымал боламын деп ойламағаны анық. Алайда сүйкімді бүлдіршіннің белгілі әнді кәсіби мақаммен орындауы көпшілікті бейжай қалдырмады. Осынша ықыласқа Айбардың өзі де аң-таң.



"Өте күшті сезімдемін. Себебі менің қасымда әнші тұрады. Ол әнші өте танымал. Мен футболға қатты құмармын. Математикадан олимпиадаға қатысқанда бірінші орын алып келдім. Болашақта ән айтатын футболист немесе футбол ойнайтын әнші боламын", - дейді №201 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушысы Айбар Әбдіәмит.



Айбар - жан-жақты бала. Математика пәнін жан-тәнімен жақсы көреді. Футбол десе, ішкен асын жерге қояды. Мектепте актерлік шеберлік үйірмесіне қатысады. Отбасындағы төрт баланың екіншісі. 


Айбардың танымал болуына себепкер болған әнші Самат Жанғазин: «Оның болашағына зор үміт артамын», - дейді. Даусымен жұмыс істеп, конкурстық әндерге бейімдеу керектігін айтады.



"Бұлақ көрсең, көзін аш" дейді ғой қазақ. Талантты талант деп айту керек. Даусы зор. «Ұстазым» әнін айтқан кезде, даусы жоғарыға қарай кетіп жатыр ғой. Димаш ағасының жолын берсін!" - дейді әнші Самат Жанғазин. 



Самат Жанғазин Айбармен бірге дуэт жазуды жоспарлап отыр. Сондықтан, бір күнде-ақ көптің көзқуанышына айналған Айбарды үлкен сахнадан көретін күн алыс емес.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:15

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08