Алматылық дәрігерлер баланың кесілген саусағын жалғап берді

Алматылық дәрігерлер баланың кесілген саусағын жалғап берді Сурет: Ашық дереккөз

Операция шамамен бес сағатқа созылды


Алматыда №2 балалар клиникалық ауруханасында алғаш рет қол саусағын реплантациялау бойынша күрделі операция жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда алғаш рет саусақты реплантациялау бойынша күрделі операция өтті.


9 жастағы баланың көшеде алған жарақаттан саусағы бөлініп қалған. Дәрігерлер толықтай бөлініп қалған 5-ші саусақты қайта жалғап, аман алып қалды.



«Шұғыл операцияны травматология бөлімінің меңгерушісі Садырбалин Ерлан, микрохирургтер Косарев Сергей және Смолянкин Александр бірге жасады. Саусақты құтқару мүмкіндігі өте аз болды. Екі профильді маманның бір уақытта қатысуы, олардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында үзілген саусақты қалпына келтіру бойынша ең күрделі операция сәтті өтті. Мұндай операцияны Қазақстанда санаулы мамандар ғана жасай алады. Біздің дәрігерлердің бірегей тәжірибесі мен біліктілігі бар», - деп атап өтті емдеу мекемесінің баспасөз қызметі.



Операция шамамен 5 сағатқа созылды.
Дәрігерлер саусақты сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, тін мен тамырларды операциялық микроскоппен тігіп, зақымдалған саусақтың артерияларын, өте кішкентай диаметрлі жүйке талшықтарын біріктірген.


Жалғанған саусақта сүйектен басқа сіңірлер, тамырлар және қан айналымы қалпына келтірілді.



«Мұндай операцияны жасау үшін заманауи микрохирургиялық техника қажет: микроскоп, микрохирургиялық құралдар және өте жұқа тігіс материалы қажет, оны жай көзбен көру қиын, мұның бәрі бізде 2-ші балалар ауруханасында бар. Бізге диаметрі 1,2 миллиметр болатын тамырларды тігуге тура келді. Мұндай операцияны тиісті дайындықсыз, жабдықсыз, құралсыз және шығын материалдарынсыз жүргізу мүмкін емес», - деді №2 БҚКА травматология бөлімінің меңгерушісі Ерлан Садырбалин.



Кәсіби реплантация ықтимал тәуекелдерді болдырмауға, қолдың зақымдалған бөлігінің қозғалғыштығын, сезімталдығын қалпына келтіруге мүмкіндік берген.


Жалғанған саусақ толығымен тамыр алып, қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.


9 жасар бала сегіз күн стационарлық ем қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03