Алматылық әйел он төртінші баласын дүниеге әкелді

Алматылық әйел он төртінші баласын дүниеге әкелді Сурет: Egemen.kz

44 жастағы Елена Бородюк енді 7 ұл мен 7 қыздың анасы


Алғыс айту күні қарсаңында қалалық перинаталды орталықтан үйіне шыққан Елена Бородюк - қазір 7 ұл, 7 қыздың анасы. «Балаларымның бәрін еш қиындықсыз, өзім дүниеге әкелдім» деген ана дәрігерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.



«Құдайдың бергенін қуана қабылдаймыз, әрине. Сондықтан үлкен отбасы болып отырмыз. Қазір тұңғышымның өзі әке атануға дайындалып жүр. Не болса да, бастысы, басымыз аман болсын!» - дейді қала тұрғыны Елена Бородюк.


«Бәрінің сәтті болғаны қуантады. Уайымдадық, екеуінің де денсаулығына алаңдадық. Он төртінші балам ғой. Құдайдан «Ең бастысы, дені сау бала бер гөр» деп сұрадық», - дейді көп балалы әке Павел Бородюк.



Мамандардың айтуынша, сәби бойы 55 см, ал салмағы 4 келіден асып дүниеге келген. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы бірқалыпты.  



«Жоғарғы топтағы қауіп-қатердегі қан кету болғандықтан, бүкіл ұжым болып атсалысып, он төртінші баласын, қыз баласын аман-есен дүниеге алып келді. Салмағы 4 келіден астам қыз бала дүниеге келді», - деді қалалық перинаталдық орталығы бас директорының орынбасары Жәмила Исаева.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27