Алматыдағы Педиатрия орталығында Балалар күні атап өтіледі

Алматыдағы Педиатрия орталығында Балалар күні атап өтіледі Сурет: Ашық дереккөз

Педиатрия орталығында жылына  еліміздің әр өңірінен 6000-ға жуық бала ем алады


1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, қатерлі дертке және сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балалар үшін  мерекелік шара өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шараның басты мақсаты – онкологиялық дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау, «аты жаман» ауруды жеңуге деген сенім ұялату, көңілдерін көтеру арқылы бір сәтке ауруын ұмыттыру, ата-аналар мен балаларға психологиялық қолдау көрсету. Педиатрия орталығында жылына  еліміздің әр өңірінен 6000-ға жуық бала ем алады, оның 2500-ден астамы   онкогематологиялық ауруларға шалдыққан балалар. 


Шараға орталықтың дәрігерлері, психологтары мен тәрбиешілері және онкогематология бөлімдерінде ем алып жатқан кішкентай пациенттер қатысады. Балаларды құттықтауға қазақ эстрадасының жұлдыздары Жолбарыс Сейфуллин мен Аллаберген Жақсыбаев, «Браз сикстэт» оркестрі, «Шу-Шу» аспаптық дуэті, «Ульмира» шоу-балеті және сиқыршы-фокусник Панов Владислав арнайы келеді. Өнер жұлдыздарымен бірге орталықта ем алып жатқан балалар да өнер көрсетеді. 


Шара аясында балалардың сурет көрмесі, жыл сайынғы асфальтқа сурет салу байқауы, кескіндеме бойынша шеберлік сыныбы өтеді.  Балалар үшін арнайы аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылады. Орталықтың Кроха есімді аурухана клоуны балаларға арналған арнайы байқаулар мен қызықты ойындар өткізеді. Шараға арнайы шақырылған 5 аниматорлар тобы балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлайтын болады. Сонымен қатар, Қазақстан қор биржасының ерікті аниматорларының дайындауында флешмоб өткізу жоспарлануда. Іс-шара шағын дискотекамен және балаларға арналған мерекелік сыйлықтарды табыстаумен аяқталады.


Шара  «Асыл бала», «Help Today», «Амила», «Жаңа Өмір» қайырымдылық қорлары мен Қазақстан қор биржасы және «Эйр Астана» компаниясының демеушілігімен өтеді.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03