Алматыдағы жауын 17 сәуірдің таңына дейін жалғасады

Алматыдағы жауын 17 сәуірдің таңына дейін жалғасады Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Сағат 09:30-дағы жағдай бойынша коммуналдық қызметтің жұмысы бойынша ақпарат


Алматы қаласында сағат 04.00-ден басталған жаңбыр аракідік тоқтап 17 сәуірдің таңына дейін жалғасады. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, сағат 09:00-де қалада 14 мм, Медеуде 21 мм, Каменск үстіртінде 28 мм жауын-шашын түскен, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



ТЖ бойынша жедел кезекшінің ақпаратынша сағат 09:00-дегі жағдай бойынша су жиналатын 12 учаске (жеке тұрғын үйлердің ауласында 6 жағдай, көшелерде 6 жағдай) тіркелді, олар жедел жойылды. Оған арық желілерінің бітелуі себеп болған. 




Күндізгі ауысымға 425 бірлік арнайы техника және 802 жұмысшы жұмылдырылды. Мотопомпа, тазалаушы заттармен және басқа да қажетті шанц құралдарымен жарақтандырылған 52 жедел мобильді бригада жол астындағы арық арқылы судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету және проблемалық учаскелердегі су тасқынын жою үшін кезекшілік ұйымдастырылды. 2,3 мың қап құм дайындалды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53