Алматыда заңсыз айналымнан гашиш тәркіленді

Алматыда заңсыз айналымнан гашиш тәркіленді Сурет: Polisia.kz

Алматы облысы, Қарасай ауданынан гашиш жеткізіп, қала аумағында оларды сатумен айналысқан 34 жастағы А. есімді азамат ұсталды.


Алматы полицейлерінің назарына іліккен күдіктінің қылмыстық әрекет жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Арнайы іс-шара Алматының Алатау ауданында кешкі алты жарымда жүргізілді. Күдіктінің Hyundai автокөлігі тоқтатылды. Жеке тінту кезінде, сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде бірнеше полимер байламдары табылды және тәркіленді. Олардың ішінде жасыл түсті өсімдік тектес шаңды зат бар болды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты аса ірі көлемдегі гашиш болып табылады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.



ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56