Алматыда ұрлық жасаған тағы екеуі анықталды

Алматыда ұрлық жасаған тағы екеуі анықталды Cурет: Polisia.kz

Алматыда екі жігіт витринада тұрған күртешелерді қолдарына іле кеткен


Алматыда екі ер адам базардағы витринадан күртешелерді ұрлап кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Полиция басқармасына жеке кәсіпкер ұрлық туралы арызбен жүгінген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 110 мың теңгені құрады.



«Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы жабық базарда орналасқан бутиктен екі қысқы күртешенің ұрланғанын анықтады. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олардың заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ұсталғандардың екеуі де 30 жаста. Олардың біреуі бұрын сотты болған. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергелуде. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09