Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталды

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталды Сурет: Polisia.kz

Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы науқан басталды.


16 мамыр мен 18 мамыр аралығында Алматы қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенімді арттыру, отбасындағы рөлді күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру мақсатында “Зорлық-зомбылықсыз отбасы” науқаны өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz




«Біз әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу, психологиялық және құқықтық көмек көрсету сияқты мақсаттарды көздеп отырмыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегін тоқтату және тәртіп бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін полицияның “102” телефон нөміріне, сондай-ақ “150” және “111” сенім телефондарына хабарласу қажет. Бұл күндері біз тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында, қызметтермен, байланыс арналары туралы хабардар ету мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық жұмысты, оның ішінде электронды билбордтар арқылы да күшейттік», – деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Ақбота Әбілқасымова.



Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторларының байланыс телефондары: Алматы қаласы ПД ЖПҚБ 254-4599; Алатау ауданы: 227-5554; Алмалы ауданы: 254-5302; Әуезов ауданы: 298-5333; Бостандық ауданы: 254-4732; Жетісу ауданы: 254-4943; Медеу ауданы: 254-4866; Наурызбай ауданы: 254-4462; Түрксіб ауданы: 298-5425.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:19

19:36

19:25

19:22

18:58

18:29

17:51

17:37

17:04

16:28

16:05

16:05

16:01

15:54

15:27

14:46

14:46

14:35

13:37

13:06

13:01

12:47

11:55

11:44

11:41