Алматыда «таза қасбеттер» акциясы басталады

Алматыда «таза қасбеттер» акциясы басталады Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Мегаполисте «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының үшінші аптасы басталды. Соның аясында «Таза қасбеттер» акциясы жарияланды.    


Акция 22-28 сәуір аралығында өтеді. Мұнда коммуналдық меншіктегі әкімшілік ғимараттар (мемлекеттік объектілер), бизнес-құрылымдардың құрылыстары мен жеке тұрғын үйлер (ПИК, МИБ) қамтылады. Акция аясында ғимараттардың қасбетін тазалау, шыны терезелерді/витриналарды жуу, бет жағы темірден жасалған жекелеген элементтерді (баспалдақтар, балюстрада, терезе торлары, тұтқалар және т.б.) сырлау, маңдайшалар мен билбордтарды ретке келтіру, рұқсат етілмеген граффитиден, жазулардан тазарту.


Бұдан басқа объектілердің меншік иелерімен абаттандыру қағидаларының талаптарын сақтау қажеттілігі және оларды бұзғаны үшін 20-дан 100 АЕК мөлшерінде көзделген әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндіру әңгімелері жүргізілетін болады.



Анықтама үшін: Абаттандыру қағидаларының 148-тармағына сәйкес «Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері аталған объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, Лоджиялар, суағар құбырлары және басқалары) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау бойынша жұмыстардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуі, сондай-ақ олардың тазалығы мен жарамды жай-күйін сақтауы қажет қасбеттерде орналасқан ақпараттық тақтайшалар, ескерткіш тақталар».



Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының өтетіні жарияланды. Қаланы абаттандыру мен тазалауға кез келген адам қатыса алады. Науқанның үшінші аптасында 22-28 сәуір аралығында тау, өзендер мен су айдындарының жағалауларын, сондай-ақ қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан жаппай тазартып, ағаш отырғызылады.



«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.



Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:#АлматыНашОбщийДом,#НасМногоГородОдин,#АлматыБіздіңОртақҮйіміз,#БізКөппізҚалажалғыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:15

12:02

11:58

11:40

11:32

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38