Алматыда такси жүргізушілерін алдап, телефондарын иемденіп алған күдікті құрықталды

Алматыда такси жүргізушілерін алдап, телефондарын иемденіп алған күдікті құрықталды Сурет: Polisia.kz

Алматы полицейлері бірқатар алаяқтық жасаған Алматы облысының 33 жастағы тұрғынын іздестірді.


Тәртіп сақшыларының айтуынша, А.есімді азамат клиент ретінде таксиге отырған. Мекенжайға жеткеннен кейін, ол жүргізушіден қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, содан соң қашып кеткен. Қаскөй бөтеннің телефондарын сатып, түскен ақшаны өзіне жұмсаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Жедел-іздестіру шаралары барысында 33 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмыс тізбегі қаланың бес ауданын қамтиды. Олардың негізінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. Қаскөй қамауда. Алданғандардың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Осыған байланысты, азаматтардан күдіктіні таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78 және 8-778-591-91-35», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.



ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53