Алматыда тағы бір ХҚКО жаңғыртылды

Алматыда тағы бір ХҚКО жаңғыртылды Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда тұрғындардың жаңғыртылған тағы бір цифрлық кеңсесі ашылды. Ол Әуезов ауданы, Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан. Айта кетер болсақ, бұл қаладағы үшінші жаңғыртылған орталық. Ол алдыңғы орталықтар сияқты Kaizen принципі бойынша жоспарланған.



Осылайша, цифрлық кеңсе түрлі түсті гаммалармен бөлінген бірнеше секторлардан тұрады. Мысалы жылдамдық аймағы сары түспен айрықшаланады. Бұл аймақта 5-10 минутта алуға болатын қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, құжаттандыру бөлімі қызыл түсте болса, дайын құжаттарды беру бөлімі жасыл түске ие. Күлгін түсті аймақ – жайлылық аймағы, бұл жерде азаматтар реттеу залында көрсетілетін әдеттегі қызметтерді, яғни заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүліктерді тіркеу т.с. сияқты қызметтерді алуларына болады. Сарғыш түсті аймақта зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдерді рәсімдейтін әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.



Бұдан басқа, жаңғыртылған ХҚКО-да құжаттама терминалы орнатылған. Терминал арқылы төлқұжат пен жеке куәлікке азаматтар өз бетінше өтініш бере алады. Дайын құжаттарды беруге арналған тәулік бойы жұмыс істейтін постомат та бар.


Сонымен қатар, бұл орталықтың сиымдылығы кең көлік тұрағы бар. Күту залы да ауқымды, ана мен бала бөлмесі де қарастырылған. Әуезов ауданындағы тұрғындардың цифрлық кеңсесіне күніне 4000-ға жуық азамат келеді деп күтілуде.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:01

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56