Алматыда сотталғандарға ҰБТ тапсырудың тәртібі түсіндірілді

Алматыда сотталғандарға ҰБТ тапсырудың тәртібі түсіндірілді Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің Алматы қаласындағы №11 және Заречный ауылындағы №14 мекемелеріндегі жалпы білім беретін мектептерді бітіруші сотталғандары арасында Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырудың тәртібі мен жолдарын түсіндіру мақсатында арнайы мамандармен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Кездесу барысында Алматы қаласы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі М. Малдыбаев, Алматы қаласы бойынша адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас маманы К. Сибағатова және ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі “Ұлттық тестілеу орталығы” РМҚК Алматы қаласындағы филиалы басшысының міндетін атқарушы Н.М. Әлібиева сотталғандарға бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру мен жоғары білім алудың жолдарын түсіндірді.



«Бүгінгі таңда №11 мекемедегі мектептің 11-сыныбында 11 сотталған бала оқыса, №14 мекемедегі мектептің 11-сыныбында 12 сотталған білім алып жатыр. Егер олар ҰБТ тапсырып, шекті балл алса, жоғары білім алуға мүмкіндіктері бар. Бұл орайда аталған мекемелердің әкімшілігі Қ. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің Кәсіби даму және сандық технологиялар институтының директоры А.Г. Симоновпен кездесіп, аталған мекемелердегі сотталғандарды онлайн-оқытуға қол жеткізу мәселелерін талқылаған болатын. Қазіргі таңда КДжСТ институты Қазақстандағы жалғыз онлайн оқытатын жоғары білім орны», – дейді ҚАЖД сотталғандар арасындағы әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Ш.Хусайнова.



Сонымен қатар ҚР ҒжЖБМ “Ұлттық тестілеу орталығы” РМҚК Алматы қаласы бойынша филиалының өкілі Н.М. Әлібиева сотталғандарға ҰБТ тапсырудың тәртібі туралы слайд көрсетіп, олардың сұрақтарына жауап берді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:15

12:02

11:58

11:40

11:32

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38