Алматыда Шөмішбай Сариев музей-бұрышы ашылды

Алматыда Шөмішбай Сариев музей-бұрышы ашылды

Алматы қаласы мемлекеттік архивінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, І дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Франц Кафка атындағы Алтын ме­даль» сыйлығының, «Платина Тарлан» сыйлығының, «Халық­тың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы­ның лауреаты, ақын Шөмішбай Сариевтің құрметіне «Дүниені жалт қаратсам деп едім...» атты музей-бұрышы ашылды.


Салтанатты іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ақынның жұбайы Жұмакүл Сариева, сондай- ақ жақындары, достары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.




«Қазақ халқын жарты ғасырдай әнімен тербеген ұлттың аса көрнекті ақыны Шөмішбай Нағашыбайұлын білмейтін қазақ жоқ шығар. Бүгінгі іс-шараның маңызы жо­ғары, әрі өзінің бақилық болған күніне сәйкес келіп отыр. Мәңгілік өмірі халықтың жү­регінде, дәл осы архив ғимаратында жалғаса беретініне сенімдіміз. Ол аңыз адам еді. Ар­тында мол дүние қалдырды. Қазақтың маң­дай алды, күміс көмей, жез таңдай өнер жұлдыздары шырқап жүрген талай әнді шығарған. Халық аузында жүрген көптеген әні осы ақынның қаламынан шыққан. Қазақ­тың рухын көтеруге, музыкалық талғамын, ішкі мәдениетін қалыптастыруға айрықша еңбек сіңірген болатын. Дәл осы себепті ақынның бұл архивте тұрған еңбектері үл­кен құндылыққа ие», – деді Арман Оразбайұлы.



Иә, Алматы қаласының мемлекеттік ар­хивінде №650 болып тіркелген бұрыштың маңызы ерекше. Музей-бұрышына Шөміш­бай Нағашыбайұлының құнды құжаттары, еңбектері, өзінің қолданған жеке заттары қо­йылып отыр. Осы орайда ақынның жұбайы Жұмагүл Сариева да сөз алды.



«Бұл күн мен үшін ерекше, әрі тарихи күн болып отыр. Алғаш 2014 жылы осы архивке құнды қолжазбаларын, бағалы құжаттарын тапсырған болатынмын. Осы уақыт ара­сында 135-ке жуық затын тапсырдым. Оның ішінде отызға жуық кітабы қойылған. Қолданған жеке заттарының қатарында шапанына дейін бар. Алдағы уақытта да толықтыратын боламын. Шөмішбайды ха­лық «Қос қанатты ақын» деп атап кеткен. Бір қанаты – поэзия болса, екінші қанаты – ән жанры. Қаншама жыл өтсе де оның жазған әндері халық ауызынан түскен емес. Менің асүйімде таңертеңнен Қазақ радиосы ойнап тұрады, сол жерден Шөмішбайдың әнімен оразамды ашам десем де болады. Ке­лешек ұрпақ үшін маңызы жоғары осындай бұрышты ашуға қолдау көрсеткен Алматы қаласының әкімдігіне ризашылығымды білді­ремін», – деді ақын жары.



Алматы қаласы мемлекеттік архивтің жинақтау бөлімінің басшысы Нағима Нұғма­нова да бұрыштың маңыздылығын атап өтті. Ал ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ха­лық артисі Мақпал Жүнісова ақынның сөзіне жазылған әнді шырқап, құлақ құрышын қан­дырды.




«Менің де өнер жолымдағы бағымды ашқан осы кісінің әндері еді. Репертуарымда Шөмішбай ағаның сөзіне жазылған отызға жуық ән бар. Ол әндерді әлі де сахнада шыр­қап жүмін. Бұндай ұлы тұлғаның әнін шыр­қап жүрегенімді мақтан тұтамын. Біз Шөмішбай Нағашыбайұлын ешқашан да ұмытпаймыз», – деді әнші.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32