Алматыда «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

Алматыда «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді Сурет: Newsroom.kz

Аталмыш шара 23-26 қараша күндері болады.


2022 жылғы 23-26 қараша аралығында Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мақсаты – қатысушылар арасынан дарынды жас өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, күй өнері арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетті дамыту. 


Дәстүрлі музыка фестиваліне 16-мен 35 жас аралығындағы музыкалық аспапта (домбыра) орындаушылар қатыса алады. 


«Домбыра» номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурсқа өтінімдер 2022 жылдың 6 қыркүйек-18 қараша аралығында  [email protected] электронды поштасына қабылданады. 


Анықтама үшін телефон +77016326064.


Толық ақпарат www.kurmangazy.com


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09