Алматыда сазды лай көшкінінің болуына заңсыз салынған құрылыс себеп болды

Алматыда сазды лай көшкінінің болуына заңсыз салынған құрылыс себеп болды Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Жауын-шашынның мол түсуі салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні орын алып, асфальттың бір бөлігінің істен шығуына және кәріз желілерінің бітелуіне әкеп соқтырды. 


Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер бұруды сазды лайды сорып алып, мұндағы жұмыстарды ретке келтіруде. Ауа-райы жақсарған соң жол жабыны қайта төселеді.



Тексеру барысында сазды лайдың жылжыуы тау бөктері бір бөлігінің ойылуы және «Мұзтау» шағын ауданында салынған құрылыстардың салдарынан болғандығы анықталды. Таулы қырат елді мекеніндегі 2768 учаскеде құрылыс салу кезінде экожүйе бұзылғандығы анықталды-меншік иесі (жеке тұлға) тау бөктерінің бір бөлігін өз бетінше ойып алып, жыраны жауып тастаған. Соның салдарынан судың табиғи ағыны жабылып, қатты жауын-шашын кезінде жасанды топырақта жарықшақ пайда болған. 




Оның үстіне меншік иесі шаруа қожалығын жүргізу үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскесінде рұқсат құжаттары жоқ құрылыс жұмыстарын бастаған. 


Қазіргі уақытта нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды.



Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасауда, оның нәтижелері бойынша жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру үшін жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылдайтын болады.



Жалпы, аудан бойынша ауа райы болжамына байланысты коммуналдық қызметтердің жұмысы алдын ала күшейтіліп, кезекшілік ұйымдастырылды. Су басу қаупі бар аймақтардағы учаскелер Алматы әкімдігінің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09