Алматыда Республика күніне орай БАҚ өкілдерінің форумы өтті

Алматыда Республика күніне орай БАҚ өкілдерінің форумы өтті Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Іс-шараны Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырды.


Форум аясында медиа саласының өкілдері үшін арнайы дайындалған ақпарат беріліп, мамандар өзара пікір алмасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мысалы, аймақтық пабликтерді жүргізудің негізгі проблемалары мен қиындықтары туралы «Давай сходим» паблигінің Алматы филиалындағы бс редакторы Камилла Бояубаева айтты.


«Orda.kz» телеграмм-каналының редакторы Илья Ролдугиннің дайындап келген тақырыбы да журналистер үшін танымддық әрі өзекті болды, ол «Қазақша СММ немесе әлеуметтік желілердің жаңа шындығы» блогында өз тәжірибесімен бөлісті.   


БАҚ форумы аясында «Авторлық құқық және плагиат» мәселелері қаралды. Қазақстан АИС ЖШС заң компаниясының директоры, Қазақстандағы, Қырғызстандағы «Apple» компаниясының зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөніндегі өкілі Әсет Блиев бұл тақырыпта журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.


Тақырыпты белгілі  блогер, фототілші Дмитрий Доценко жалғады. Ол «Фототроллингтің» не екенін және медиа-бизнеске қандай қауіп түсіндіріп берді.


Соңында тележурналист Ирина Грибковская әріптестерімен деректі фильм жанрының қыр-сырымен бөлісті. Ол деректі фильмді қызықты етудің құпиялары туралы айтып, практикалық кеңестер берді.


 БАҚ форумы аясында сарапшылар мен бірқатар журналистерге түрлі номинациялар бойынша естелік мүсіншелер табысталды.


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11