Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілді

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілді Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Мәслихаттың кезектен тыс XVI сессиясында депутаттар қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекітті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Есептеулерге сәйкес жылдық тариф 1 м3 қалдық үшін 3 309 теңгені құрады, айлық тариф бір адамға айына 718,5 теңгені құрады. Орташа статистикалық пәтерлер үшін коммуналдық қызметтердің төлем сомасы ҚТҚ шығару тарифі көтерілсе орта есеппен 1,4%-ға артады.


Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығыстарды өтеу үшін 2024 жылдың 1 мамырынан бастап ХӘОТ санатындағы 315 430 тұрғынға 0,05 АЕК (184,6 теңге) көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленетін болады. 



Қолданыстағы тарифтер Алматы қаласы мәслихатының 2017 жылғы 15 қыркүйектегі №146 шешімімен бекітілген болатын. 2017-2023 жылдар аралығында нарық қатысушылары (қоқыс шығаратын ұйымдар, қоқыс сұрыптайтын кәсіпорындар және полигон операторы) шығындардың айтарлықтай өскенін атап өтті. ҚТҚ шығару тарифі контейнерлік алаңдардан қалдықтарды жинау және оларды қоқыс сұрыптау кәсіпорындарына тасымалдау, қалдықтарды сұрыптау, пайдалы фракцияларды одан әрі қайта өңдеуге шығару, полигонға кәдеге жаратпайтын фракцияларды тасымалдау, полигонда қалдықтарды қабылдау және оларды көму бойынша шығыстарды қамтиды. Бұл ретте 2017 жылдан бастап орташа жалақы 2 есеге, дизель отынының орташа құны 3 есеге ұлғайды, арнайы техниканың қосалқы бөлшектеріне шығындар өсті.



Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі ҚТҚ жинау және оны шығару үшін инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. 2024-2025 жылдары 671 контейнер алаңында 2 905 тереңдетілген контейнерді ауыстыру және орнату жоспарланған. 2024 жылғы қаңтарда GPS-трекерлермен жарақтандырылған заманауи арнайы техниканың, қалдықтарды сұрыптауға арналған шарттардың, техниканы жаңарту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар бойынша қатысушыларға қойылатын талаптармен 5 жыл мерзімге ҚТҚ шығарудағы ашық тендер өткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38

16:07

15:51

15:41

15:17

15:09