Алматыда қар тазалау басты назарда

Алматыда қар тазалау басты назарда Суреттерді түсірген - Самат

Бүгін қаламызда қар қалың жауды. Қалалық әкімдіктің мәліметінше таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге шейін қалыңдығы 10 см қар жауған. Қаламыздың көшелерін түн демей коммуналды қызметкерлер тазалауға кірісті, - деп хабарлайды Almaty aqshamy.


 Таңертең қала тұрғындары жұмысқа, оқушылар мектепге шыққанда қардың жапалақтап жауғанын көрген болар. Сол қар таңғы сағат 7 әлде 8 де жаба бастаған жоқ. Сағат 04:00 де бастаған. Сіз көрген қардың көлемі одан да көп болған. Түн демей коммуналды қызмет қарды тазалады. Ия бастапқыда бүкіл қаланы қамту мүмкін болмаған болар. Себебі қаланың аумағы үлкен. Соған қарамастан тынбай еңбек етіп түске қарай көшелер тазарды.



Суретті түсірген Ақтолқын Тұрлығазы




Бұл жұмысты көрсету мақсатында журналистерге пресс-тур ұйымдастырылды. Пресс-тур  Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының орынбасары Дулат Ашкенов пен мердігерлік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті. Дулат Ашкеновтің сөзінше қар тазалауға 452 бірлік арнайы техника, оның ішінде 174 шағын көлемді техника мен 1183 жұмысшы жұмылдырылған.



Әкімшілік тарапынан жұмысшыларды тасымалдау мәселесі де жолға қойылған. Әсемхан есімді жұмысшы Еңбекшіқазақ ауылынан екен. Жұмысшы апамыздың сөзінше жұмыс көлігімен тасымал жолға қойылған.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39