Алматыда қалта ұрысы ұсталды

Алматыда қалта ұрысы ұсталды Сурет: Polisia.kz

Алматыда қалта ұрысы УҰИ-ға қамалды.


Бірнеше рет сотталған, тұрғылықты жері жоқ 35 жастағы ер адам қалта ұрлығын жасағаны үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлады деген күдікке 35 жастағы А. есімді азамат ілікті. Ол негізінен Әуезов ауданы аумағында қоғамдық көліктерден ұрлық жасап жүрген. Бірде 45-бағыттағы қоғамдық көлікте iPhone телефонын, ал одан екі сағат бұрын 63-автобустан да телефонды ұрлап кеткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеудің осы кезеңінде А.есімді азаматтың үш қалта ұрлығына қатысы бар екендігі анықталды», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Күдікті тағы бір ұрлықты ірі супермаркетте жасаған, сатып алушының қалтасынан 12-ші модельдегі iPhone телефонын суырып алған. Полиция қызметкерлері оның қалада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43

12:19

12:10