Алматыда ҚАЖ департаменті қалалық аурухана дәрігерлерін марапаттады

Алматыда ҚАЖ департаменті қалалық аурухана дәрігерлерін марапаттады Сурет: Polisia.kz

Дәрігерлерге құрмет көрсетілді


Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы тергеу изоляторына жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың көптеп жеткізілгені белгілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Олардың арасында жарақат алғандар да көп болды. Осы кезде тергеу изоляторының дәрігерлеріне Алматы қаласындағы ауруханалардың білікті дәрігерлері көмекке келді.



«Жуырда Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы осындай қиын кезеңде ЛА-155/18 мекемесіне жеткізілген жаралы күдіктілерді тексеру мен емдеу ісіне белсене араласқан №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне алғыс хат тапсырып, ризашылықтарын білдірді», – деді ЛА-155/18 мекемесі бастығының орынбасары М.Кәкімжанов.



Атап айтқанда, жоғары дәрежелі дәрігер-хирург, PhD дәрігер Айдар Раимханов, дәрігер-хирург Сұнғат Өтеген, травматолог-ортопед Еркебұлан Әбілда, медицина қызметкерлері Ринат Азизов пен Юрий Лотош осындай марапатқа ие болды. Дәрігерлерді марапаттау салтанатына Алматы қаласы прокуратурасының өкілі Д.Салимов қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14