Алматыда пробация есебінде тұрған сотталғандар үшін еңбек жәрмеңкесі өтті

Алматыда пробация есебінде тұрған сотталғандар үшін еңбек жәрмеңкесі өтті Сурет: Polisia. kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Бостандық аудандық пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандар үшін еңбек жәрмеңкесі өткізілді.


Алматы қаласындағы Бостандық аудандық пробация қызметінде 211 сотталған пробациялық бақылауға алынған. Олардың 114-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылса, 86 сотталған өзін-өзі еңбекпен қамтып отыр.


«Олар халыққа қызмет көрсету бағытында шағын кәсіпкерлікпен айналысуда. Аталған еңбек жәрмеңкесі кезінде 9 сотталған жұмысқа бағыт алып, 1 сотталған жұмысқа орналасты», – дейді Бостандық аудандық пробация қызметінің бөлім бастығы Гаухар Қасымова.


Жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасында тығыз қарым-қатынас орнату, жұмыссыз сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету сотталғандар арасында қайталап қылмыс жасау фактілерінің алдын алады. Бұл орайда Бостандық аудандық пробация қызметі Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:27

09:57

09:48

09:45

09:35

09:31

09:23

08:44

08:01

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11