Алматыда полиция қызметкерлері “Салауатты ұрпақ” науқаны аясында дәріс өткізді

Алматыда полиция қызметкерлері “Салауатты ұрпақ” науқаны аясында дәріс өткізді Сурет: Polisia.kz

Кездесуде жасөспірімдерге көшеде, үйде, жолда қауіпсіз жүру ережелері түсіндірілді


Алматының ювеналды полициясы қалалық прокуратурамен және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, №95 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



– Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу және жолын кесу мәселелері қаралды. Бұл – ең алдымен, терең ойластырылған және өзара байланысты іс-шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық шаралардың өзара әрекеттесу, маңызды көмекші рөл атқаратын жасөспірімдермен тәрбиелік және мәдени жұмыс, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова. 



Кездесуде жасөспірімдерге көшеде, үйде, жолда қауіпсіз жүру ережелері түсіндірілді. Әлеуметтік желілерде, әсіресе бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережелері айтылды. Полицейлердің пікірінше, құқық бұзушылықтардың санын азайту, сондай-ақ, қылмыс жасаудың себептері мен жағдайларын жою барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күшімен ғана шешіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:52

19:12

19:06

18:56

17:51

17:43

17:35

16:58

16:13

16:07

15:49

15:42

15:35

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53