Алматыда мопед ұрысы ұсталды

Алматыда мопед ұрысы ұсталды Сурет: Polisia.kz

Қазіргі уақытта екі доңғалақты көлік ұрлығына 38 жастағы Ф. есімді азаматтың қатысы бар екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Түнгі уақытта заңсыз баю мақсатында күдікті көпқабатты үйдің ауласында қараусыз қалдырылған мопедтерді іздеген. Сөйтіп, Мамыр-3 ықшамауданында скутер мен мопедті ұрлап үлгерген. Кейін күдікті көлік құралдарын қайта сатпақ болған, алайда үлгермеген. Ұрланған көлік тәркіленіп, айғақты зат ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Ф. есімді азаматтың бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет істі болғаны белгілі болды. Бірақ ол дұрыс қорытынды шығармай, қайтадан ескі әдетін қолына алған. Қазір ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.



ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:23

16:37

16:22

16:00

14:53

14:44

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03