Алматыда «М.О. Әуезов мұрасы және әлемдік өркениет» атты конференция өтеді

Алматыда «М.О. Әуезов мұрасы және әлемдік өркениет» атты конференция өтеді Сурет: Ашық дереккөзі

Конференция материалдары электронды жинақ ретінде жарыққа шығады


2022 жылдың 28 қыркүйегінде М.О. Әуезовтің дүниеге келгеніне 125 жыл толуына арналған «М.О. Әуезов мұрасы және әлемдік өркениет» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция және 29 қыркүйекте «Мұхтар Әуезов және Жаңа Қазақстан: рухани мәдениеттің қоғамдық сананы дамытудағы рөлі» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Шараның мақсаты – ұлы жазушының әлемдік өркениет пен адамзат ақыл-ойындағы орны мен рөлін айқындау, қазақ және әлем әдебиетінің әдеби байланысын нығайту, қазақ әдебиетінің даму үрдістерінің тарих және бүгінін саралау, қаламгер мұрасындағы Алаш парадигмасы, жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген озық идеаларын өскелең ұрпақтың бойына сіңіру. 


Ұлы жазушыны еске алу шарасы М.О. Әуезов қабіріне Құран оқып, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталып, «Достық үйі» Мәжіліс залында өтетін конференциямен жалғасады.


Конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Ресей, Мажарстан, Нидерланды және басқа елдердің жетекші ғалымдары, отандық ғылым саңлақтары мен институтымыздың ғылыми қызметкерлері, оқытушылар мен жас ғалымдар қатысады.


Конференция материалдары электронды жинақ ретінде жарыққа шығады. 


Шараны ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, ТÜRKSOY халықаралық ұйымы, Халықаралық Түркі академиясы, Қазақстан жазушылар одағы, Алматы қ. Әкімдігі.


«М.О. Әуезов мұрасы және әлемдік өркениет» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы «Достық үйі» мәжіліс залында (Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40) өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39