Алматыда мектеп бітіру кештерін өткізу ережелері тағы да ескертілді

Алматыда мектеп бітіру кештерін өткізу ережелері тағы да ескертілді Сурет: Baribar.kz

Алматылық түлектерге аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру 2022 жылдың 16-17 маусымында өтеді.


Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде биылғы жылы мегаполисте  мектеп бітіру қалай өтетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




«25 мамырда барлық түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Бітіру іс-шаралары – бұл 11-сынып түлегі үшін оның ересек өмірге қадам басуындағы айтулы оқиға», - деп атап өтті Қайрат Жұманов.



Ол аттестаттарды салтанатты тапсыру 2022 жылғы 16-17 маусымда өтетінін хабарлады.



«Алматы қаласында аттестатты міндетті түрде күндізгі уақытта мектеп қабырғасында тапсыру дәстүрі қалыптасқан, оған мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, Алматы қаласы білім басқармасының және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады», - деп атап өтті спикер. 



Қ.Жұманов түлектердің қайырымдылық бастамаларын - «Мектепке кітап сыйла», «Мектепке сый» - ағаш отырғызу, әлеуметтік осал отбасылар мен балаларға көмек көрсету үшін «Мейірімді жүректен – балаға», «Туған жерге тағзым» акцияларын қолдайтынын жеткізді.


Педагогикалық әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектеп бітіру іс-шараларына дайындық кезінде әрбір түлекке жеке көзқарас қағидаты сақталады; бітірушілердің ата-аналарымен қажетсіз шығындардың орынсыздығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.


Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары мектеп бітіру кешіне қойылған тыйым туралы да еске салды. Сонымен іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді тартуға; мерекелік үстелдерді ұйымдастыруға; автомобильдерді жалға ала отырып, қала бойынша экскурсияларды өткізуге; әкімшілік пен педагогтарға сыйлықтар үшін ақшалай қаржы жинауға; мейрамханалар мен кафелерде мектеп  бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға жол берілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09