Алматыда Төлебаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды.
Әлеуметтік желіде Алматының ортылығында жарылған жылу құбыры мен одан төбеге атқылаған ыстық судың видеосы пайда болды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.
Қала әкімдігінен атап өткендей, «Алматы жылу желілері» ЖШС апаттық бригадасы апатты дереу жоюға кірісті.
Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке би – Қонаев көшелерінің бойындағы 1985 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан диаметрі 400 мм құбырдың зақымдануын жөндеу үшін ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды.
«Жөндеу жұмыстары бүгін түнгі сағат 23:00-ге дейін аяқталады. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.