Алматыда «Жүректің көзі ашылса» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті

Алматыда «Жүректің көзі ашылса» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті Сурет: Almaty.tv

«Темірен» театрының әртістері моно драмадан үзінді қойды


Абай күніне арналған мерекелік іс-шаралардың легі «Жүректің көзі ашылса» атты әдеби-шығармашылық кешпен өрбіді. Орталық музей мен Жазушылар одағы ұйымдастырған кешке балалар үйінің тәрбиленушілері мен бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


 Іс-шара аясында «Темірен» театрының әртістері моно драмадан үзінді қойып, көпшілікке Абай мұрасының мәнін танытты.  «Абай күні – қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қадамы» дейді ұйымдастырушылар.



«Абай атамыздың мәңгілік мұрасын насихаттауға арналған игі шараны ұйымдастырып отырмыз. Мұндағы негізгі мақсатымыз –  Абай атамыздың дүниеге келген күні оның рухани өмірінің екінші өмірін басталғандығын кейінгі ұрпаққа насихаттау, дәлелдеу», – деді ҚР Мемлекеттік орталық  музейінің директоры Рашида Харипова.



«Абайдай ұлы тұлғасы барда қазақ еш уақытта адаспайды. Қандай тұманды күні, қандай қалың орманның ішінде біздің алдымызда шамшырағымыз – Абай бар. Абай дана,Абай дара әрине Абай тек қана қазақтың ғана емес, тек қана түркі тілдес халықтың емес бүкіл адамзаттың мақтанышы», – деді актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:19

19:36

19:25

19:22

18:58

18:29

17:51

17:37

17:04

16:28

16:05

16:05

16:01

15:54

15:27

14:46

14:46

14:35

13:37

13:06

13:01

12:47

11:55

11:44

11:41