Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді Сурет: Inform.kz

Алматыда өткен түнде «Жетісу» базары аумағында жолаушылар автобусы өртенді.


Видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 сәуірде түнгі сағат 23:10-да Түрксіб ауданы, «Қайрат«шағынауданы, 181/2 мекенжайындағы үйдің маңында 125-ші бағытта қатынайтын «Лиаз-529265» маркалы автобус өртенді.



«Өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері сағат 23:16-да жетті. Жалынды сөндіруге және автобус конструкциясын салқындату үшін дереу көбігі бар оқпандар берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің тарауы сағат 23:19-да тоқтатылып, сағат 23:22-де толық ауыздықталды. Оқиға себебі анықталуда«, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.



Қалалық ТЖД көлік құралдары тез өртенетінін, небары 2-3 минут ішінде оны толық жойып жіберетінін еске салады. Сол себепті көлікте өрттің алғашқы белгілері пайда болған кезде жолаушылар есіктерден немесе қосалқы шығатын жерлерден дереу шығып кетуі қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43

12:19

12:10