Алматыда жанар-жағармай тиеген жүк көлігі өртенді

Алматыда жанар-жағармай тиеген жүк көлігі өртенді Сурет: Inform.kz

Жүргізуші жанармай құю станциясынан көлікті қауіпсіз орынға сүйреп үлгерген.



Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, өрт түскі сағат 11:14-те шыққан.



«Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне Түрксіб ауданы Боралдай көшесі, 79 В үйдің жаныда өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер құрамында 13 адам, 2 техникамен оқиға орнына жеткенде ГАЗ 47-532 112 жүк автокөлігі ашық жалынмен жанып жатты. Жанған автокөліктің жүргізушісі жанармай құю станциясынан көлікті қауіпсіз орынға сүйреп үлгерген», - деп хабарлады ведомстводан.



Өрт сөндірушілер жанып жатқан көліктен сегіз бөшкені эвакуациялады, оның үшеуі жанармайға толы болған.



«Өрт сөндіруге және қызған құрылымдарды салқындатуға құрамында көбігі бар өрт оқпандарын енгізіп, қызыл жалын 11:35-те сөндірілді» - деп атап өтті департаменттен.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05

18:45