Алматыда Грузия азаматы фишинг-алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Алматыда Грузия азаматы фишинг-алаяқтық жасады деген күдікке ілінді Сурет: Polisia.kz

“CyberPol” бөлімшесінің хабарлауынша, арнайы іс-шара барысында шетелдіктің қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.


Жедел мәліметтерге сәйкес, 41 жастағы Грузия азаматы Алматы қаласындағы бірқатар алаяқтыққа қатысы бар екендігі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол екінші деңгейлі банктерден несие алуға өтініш білдірген азаматтардың ақшасын алдап, фишингтік жолмен иемденіп келген.


Кейбір мәліметтерге сәйкес, шетелдік азамат бірнеше жыл бойы бұл алдау тізбегімен айналысқан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас деректерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:19

20:17

19:49

19:02

18:36

18:06

17:47

17:37

17:06

16:21

16:15

15:48

15:34

15:31

15:20

15:20

15:16

14:31

14:25

14:25

13:58

13:51

13:15

12:55

12:46