Алматыда еңбек жәрмеңкесі өтті

Алматыда еңбек жәрмеңкесі өтті Сурет: Almaty.tv

Жастар мен бітіруші түлектерді жұмыспен қамту мақсатында Алматыда еңбек жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Іс-шараға 50-ден астам компания, 18 орта оқу және 4 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты. Жұмыс ұсынушылардың қатарында құрылыс, мейрамхана бизнесі және қызмет көрсету саласының мекемелері болды. Жыл сайын өткізілетін фестиваль биыл Наурызбай ауданында ұйымдастырылды.


«Білімді ұлт», «Сапалы білім» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында жылда еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Мұндай іс-шаралар NEET санатындағы жұмыссыз жастардың азаюына себепші. Сондай-ақ, жұмысқа орналастырушы мүдделі құрылымдардың біліктілігін де арттырады. 2024 жылғы жәрмеңкеге 5 мыңға жуық студент пен ерікті қатысты.



- Алматы қаласы бойынша жәрменкеге шақырылыған 65 мекемедей бар. Басты мақсат - экономикамызды дамыту. Қала бойынша жұмыс орындары тапшы. Қазіргі уақытта еңбек нарығында қандай сұраныс барын анықтауды көздейміз, - дейді Алматы көпсалалы колледжі директорының орынбасары Бауыржан Енкенов.



Елімізде техникалық бағытта жұмыс істейтін маман тапшы. Әсіресе, автоматтандыру саласына, өндіріс зауыттарына техникалық кадрлар қажет. Наурызбай ауданында оқып жатқан 40 мың студенттің осы қатарды толықтыратынына сенеміз, деді аудан әкімінің қызметкері.




- Біздің ауданымызда құрылыс саласында көпсалалы колледж бар, Экономикалық колледж бар. Олар қазіргі таңда нарыққа қажетті мамандықтарды оқытуда. Ертең түлектеріміз қолына диплом алып, еңбек жолын бастайды, - дейді Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Бану Манапова.




- Жәрмеңкеде мамандығымыз бойынша жұмыс қарай алатынымызға қуаныштымыз. Келешекте теориялық және тәжірибелік мүмкіндігімізді жақсы деңгейде  көрсете аламыз деп ойлаймын, - деді Алина Рао студен.



Айта кетейік, бұл бағытта былтыр білім басқармасының бастамасымен «jobfair365» қосымшасы әзірленген еді. Сондай-ақ, қалада мансап орталықтары да іске қосылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09