Алматыда еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 680 шетелдік ұсталды

Алматыда еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 680 шетелдік ұсталды Сурет: Ашық дереккөз

Оның 115-і Қазақстаннан шығарылды 


Қалалық полиция департаменті "Мигрант" іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматының көші-қон қызметі,  680 шетелдіктің Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғанын хабарлады.


20-28 ақпан аралығында өткізілген "Мигрант" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзған 115 шет мемлекеттің азаматы Қазақстаннан шығарылды.



 "Алматы қаласында көрсетілген мерзімде, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзудың 72 дерегі анықталды, шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағына келу заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін 497 жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік іс тіркелді. Қабылдап-тарату бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 634 шетелдік орналастырылды. Заңсыз көші-қон ұйымдастыру және елден шығару туралы сот шешімін орындамау деректері бойынша 14 қылмыстық іс тергелуде", - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31