Алматыда дзюдодан Азия кубогі өтеді

Алматыда дзюдодан Азия кубогі өтеді Сурет: Qazaqsporty.kz

Сайысқа жасөспірімдер мен жастар қатысады.


7-9 сәуір күндері Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған жарысқа 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003-2005 жылдары туған жас татами шеберлері қатысады.


Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, IJF ережесіне сәйкес Азия кубогінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингілік ұпай қосылады.


Жарыс жеңімпаздарына 100, күміс жүлдегерге 60, қола жүлдегерге 40 ұпайдан беріледі.


Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия кубогіне Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түркіменстан, Грекия, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.


Бекет Сапабекұлы Махмұтов 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған.


Дзюдодан Бекет Махмұтов атындағы турнир 2017 жылдан бері Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.


Дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогінің жарыс кестесі мынадай:


7 сәуір


Жасөспірімдер


Жарыс сағат 10.00-де басталады.


Финалдық белдесулер – 17.00.


Ұлдар: -50 кг, -55 кг, -60 кг, -66 кг, -73 кг


Қыздар: -40 кг, -44 кг, - 48 кг, - 52 кг, -57 кг


8 сәуір


Жарыстың басталуы – 10.00.


Финалдық белдесулер – 17.00.


Жасөспірімдер


Ұлдар: -81 кг, -90 кг, -100 кг +100 кг;


Қыздар: -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг;


Жастар


Ұлдар: -60 кг, -66 кг;


Қыздар: -48 кг, -52 кг;


9 сәуір


Жастар


Жарыстың басталуы – 10:00


Финалдық белдесулер – 17:00


Жастар: -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг;


Жасөспірімдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг.


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:57

19:28

18:26

17:34

17:09

17:02

16:13

15:56

15:45

15:40

13:55

13:53

13:53

13:47

13:05

12:40

12:22

12:20

12:18

12:14

12:12

11:51

11:39

11:08

10:53