Алматыда баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жазаланды

Алматыда баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жазаланды сурет: polisia.kz

Әйелге 34 500 теңге айыппұл салынды.


Алматыда баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жазаланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Алматы полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, 41 жастағы әйел Toyota көлігінің жүргізген.



«Баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйел жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 1-бөлігі «Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау», 593-бабының 2-бөлігі бойынша «Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау», - деп хабарлады қалалық ІІД.



Айыппұл сомасы - 10 айлық есептік көрсеткішті немесе 34 500 теңге.



«Жүргізушімен алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша заңдық-түсіндіру әңгімесі жүргізілді», - деп толықтырды ведомстводағылар.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда баласын алдына алып көлік тізгіндеген әйелдің әрекеті видеоға түскенін хабарлаған едік.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43