Алматыда автотұрақтарға сараланған төлем енгізіледі

Алматыда автотұрақтарға сараланған төлем енгізіледі Сурет: ашық дереккөз

Алматыда ақылы автотұрақтарға сараланған тариф енгізіледі, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ерболат Досаев мәлім етті.


Әкім Алматыда ресми түрде 550 мың автокөлік тіркелгенін атап өтті. Күн сайын қалаға қала сыртынан тағы 250 мың көлік келеді.



«Былтыр Алматы автотұрағы бізге қайтарылды, 12 мың көлік тұрағы бар. Олардың барлығы тек тарихи орталықта орналасқан. Биыл Алматыда бірыңғай автотұрақ құру тұжырымдамасын аяқтап жатырмыз. Бірақ бұл ретте қаланың барлық сегіз ауданын қамтығалы жатырмыз. Алматыда тұрсаңыз, байқаған боларсыздар, көше бойында үнемі көлік жиналатын орындар бар, бырақ бұл тұрақ емес. Қала оларды заңдастырмақ, тиісті инфрақұрылымдар жасамақ. Сараланған төлем жүйесін енгіземіз: орталықта бұл бүкіл әлемдегідей қымбатырақ, орталықтан алыс жерлерде тариф төмен болады. Сондықтан күзде сараланған тарифтерді енгіземіз. Қыркүйекке дейін бұл жұмысты аяқтаймыз, сосын мәслихатқа енгіземіз», - деді Досаев.




Ол ақылы автотұрақтардан түсетін барлық қаражат жергілікті бюджетке түсетінін атап өтті. Кейіннен барлық қаржы қала аудандарының инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47