Алматыда әскери ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

Алматыда  әскери ғылымды дамыту мәселелері талқыланды Сурет: Gov.kz

Құрлық әскерлерінің әскери институтында Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 


Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери оқу орындарының өкілдеріне бейнеконференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 


Конференцияға «Қазақстан ардагерлері» Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл, Халық қаһарманының немересі Айжан Нұрмағамбетова, еліміздің күш құрылымдары оқу орындарының курсанттары, ЖОО-ның студенттері, магистранттары мен докторанттары, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. 


Конференция жұмысы екі секция бойынша ұйымдастырылды. Онда қазіргі жағдайда әскери ғылымды дамыту, идеологиялық жұмыс, әскери оқыту және тәрбие саласындағы ғылыми қызметті жетілдіру мәселелері талқыланды. Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық әскери ынтымақтастық тақырыптары да қозғалды. 


ҚР ҰҚК академиясының бастығы Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры Ахат Мұқашев, Құрлық әскерлері әскери институты бастығының бірінші орынбасары полковник Жәнібек Сарғазин және басқалар баяндама жасады. 


Конференция қорытындысы бойынша әскери ғылымды одан әрі дамыту жөнінде қарар қабылданып, қауіпсіздік саласында ұсынымдар әзірленді. Қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:15

12:02

11:58

11:40

11:32

11:12

10:41

10:27

10:04

09:16

09:02

08:47

08:02

20:35

20:32

19:03

18:46

18:08

17:49

17:43

17:39

17:10

17:07

16:46

16:38