Алматыда АҚШ доллары 467 теңгеге сатылып жатыр

Алматыда АҚШ доллары 467 теңгеге сатылып жатыр Сурет: Egemen.kz

Қор нарығында теңге нығая түсті.


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,52 теңгеге төмендеп, 1 доллар 465, 38 теңге болды.


Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 465, 95 теңге болды.


Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 467 теңге.


Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу – 466.


Ресей рублі 7,35- 7,39 теңге аралығында саудаланып жатыр.


ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 25 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,72 теңге болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:10

15:12

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03