Алматыда алаяқтық күдігімен кинопродюсер ұсталды

Алматыда алаяқтық күдігімен кинопродюсер ұсталды Сурет: Ашық дереккөз

Полицияға арызбен 9 адам жүгінген


Күдікті өзін табысты өнер адамы, продюсер, сценарист ретінде көрсеткен. Өзін Instagram парақшасындағы 90 мың аудиторияға осылай таныстырған ер адамды полицейлер алаяқтық күдігімен ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Полиция 31 жастағы азамат алматылықтарға АҚШ-қа виза алып беруге уәде еткенін нақтылайды.


Instagram парақшасындағы 90 мың аудиторияға 31 жастағы К. есімді азамат көркемдік қызметімен қатар, АҚШ-қа виза “рәсімдеумен” айналысатынын жеткізген. 


Алдын ала мәліметке сүйенсек, ол әлеуетті тұтынушылардан алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шығуын тоқтатқан.



"Полицияға арызбен 9 адам жүгінген. Олар ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, бір өндіріске біріктірілді", – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.



Полиция қызметкерлері алданған адамдардың көбірек болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тергеушілер ықтимал басқа эпизодтарды анықтаумен айналысуда. ҚР Конституциясының талаптарына және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32