Алматыда 244 жүргізушінің 73 млн теңгеден астам қарызы бар

Алматыда 244 жүргізушінің 73 млн теңгеден астам қарызы бар Сурет: Polisia.kz

Берешегі барлар “Борышкер” іс-шарасы барысында анықталды. 


Бұрын хабарланғандай, Алматыда сот пен сот орындаушыларының қаулысы бойынша салық берешегі және басқа да берешегі бар көліктерді, сондай-ақ төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар көліктерді анықтауға бағытталған “Борышкер” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр. Іс-шара жеке сот орындаушыларының және мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Алматы жолдарында ЖААІШ басталғалы бері 244 көлік тоқтатылып, мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Олардың иелерінің сот қаулысы және сот орындаушылары бойынша берешегі, сондай-ақ жалпы сомасы 73 млн теңгеден астам төленбеген әкімшілік айыппұлдары бар. Мәселен, қалада Ресей Федерациясында тіркелген Toyota Camry автокөлігі ұсталды, оның жүргізушісі 4 млн 574 мың 700 теңге сомасында 132 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған», – деп атап өтті Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.



Сондай-ақ көлік құралдарын басқару құқығы жоқ 133 жүргізуші, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 15 жүргізуші және жалған нөмір таққан 13 жүргізуші ұсталды


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:07

14:03

13:59

13:09

13:08

12:39

12:37

12:32

12:18

12:07

12:00

11:58

11:47

11:16

10:57

10:14

10:11

09:15

08:46

08:37

08:01

17:41

17:06

16:15

14:56