Алматыда 14-15 қазан күндері Қазақстан қолөнершілерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда 14-15 қазан күндері  Қазақстан қолөнершілерінің жәрмеңкесі өтеді Сурет: Advantour.com

14-15 қазан күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде және Visit Almaty туристік хабта Халықаралық қолөнершілер форумы аясында Қазақстан қолөнершілерінің жәрмеңкесі өтеді. 


Жәрмеңкеде Қазақстанның 150-ден астам қолөнершілерінің, керамика, киіз, тоқыма, зергерлік өнер, жібек шаруашылығы және басқа да қолөнер түрлерінің өнімдері ұсынылады. Сондай-ақ, форум аясында бұйымдар көрмесі, шеберлік сыныптары, семинарлар, Korpe Fest өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қолөнер ұлттық мәдениеттің және туризм индустриясының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанға келетін туристер табиғатты ғана емес,  қаламыздың көрікті жерлерін, ғимараттарды және монументтерді тамашалап, материалдық-мәдени мұрамен, дәстүрлермен танысатын болады.


Өтетін орны: Алматы қаласы, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі, "Көктем-3" шағынауданы, 22/1 үй, Visit Almaty туристік хабы, Абай даңғылы, 44. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31