Алматыда 115 мыңнан астам студент жоғары стипендия алатын болады  

Алматыда  115 мыңнан астам студент жоғары стипендия алатын болады    Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері ұлғаяды, Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


 Алматыда 35 ЖОО мен 85 колледж бар. Бұл нормаға ЖОО-ның 95 мың студенті енеді.


 Алматыда   ЖОО 191мыңға жуық студентінің 95 мыңға жуығы жоғары стипендия алатын болады (қалған 96 мың-ақылы бөлімде оқитындар):



- бакалавриат-81,4 мың.,


-магистратура-8,6 мың.,


-докторантура-2,1 мың.,


-резидентура-1,1 мың.,


-интернатура-1,8 мың).



 Сондай-ақ, колледждердің 20 мың.303 оқушысы жоғары стипендия алатын болады.


 Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, стипендия мөлшері: бакалавриат студенттеріне – 20%-ға, магистратура – докторантура шеңберінде оқитындарға – 15% - ға, ТжКБ студенттеріне-50% - ға артады. Стипендияның келесі өлшемдері белгіленді:



  • докторанттарға (оның ішінде «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша) – 217 500 теңге;

  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға-111 579 теңге;

  • магистрантарға – 97 024 тенге;

  • интерндерге – 75 890 тенге;

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге - 67 200 теңге;

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, «Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда – 41 898 теңге;

  • жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге-32 681 теңге;

  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін) білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге орта білімнен кейінгі білім беру – 31 422 теңге.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09