Алматы студенттері ашық аспан астында кино тамашалады

Алматы студенттері ашық аспан астында кино тамашалады сурет: ҚазИТУ баспасөз қызметі

ҚазИТУ-да ашық аспан астында кино кеші өтті.


Еліміздің жоғары оқу орындары жаңа оқу жылын дәстүрлі оқу форматында бастады. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Жастар саясаты департаменті де студенттік іс-шараларды онлайн және оффлайн форматта жүргізіп жатыр.  26 қыркүйекте ҚазИТУ студенттері ашық аспан аясында кино тамашалау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шараға келген көрермен студенттер барлық карантиндік шаралар қатаң сақталған. Жастар Ұйымдары Комитеті мен студенттік кеңес ұйымдастырған кино көрсетілімнің алдында әлеуметтік желіде сауалнама жүргізіліп студенттер өздері көргісі келетін киноларды таңдапты. Ең көп дауыс жинаған киноны студенттер ҚазИТУ футбол алаңында тамашалады. Кеш барысында қызықты викториналық сұрақтар мен би жарысы болып, студенттер көңілін көтерді. Кино кешіне келген студенттер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.



«Апта сайын әр түрлі іс-шаралар өтуде. Мысалға, біз «Студенттер үйінде» тұратын құрдастарымызбен бірге алдыңғы аптада өткен «Apple fest» фестиваліне қатысып, «Ең үздік топ» номинациясын жеңіп алдық. Бұл жолы кино көруге келдік. Бастысы барлығы студенттер үшін тегін. Ашық аспанда кино көру атмосферасы керемет болды. Осындай іс-шаралар ауызбіршілігімізді арттырып, көңіл-күйді көтеріп, жаныңа жылылық сыйлайды» - дейді 2 курс студенті Айгерім Халиева.





«Мен Ақтөбе қаласынан келдім. Алматының табиғаты ерекеше әсер қалдырды. Соның ішінде біздің университетіміз экологиялық таза ауданда орналасқан. Алатаудан ескен салқын самалмен тыныстап ашық аспан астында кино көріп керемет әсер алдық. Ұйымдастырушыларға рахмет!» - деп 1 курс студенті Хазретәлі Амандықов өз пікірін білдірді.


«Біз Жастар ұйымдары комитетінің белсенділерімен біргіп, әр жұма сайын ашық аспан астында іс-шара өткізуді жоспарладық. Оқу жылының басынан бері бұл таза ауада ұйымдастырылған үшінші шарамыз. Қазіргі таңда карантин уақыты болғандықтан, бұрынғыдай көп адамды жинап мекеме ішінде кештер ұйымдастыруға болмайды. Сол себепті біз таза ауада өткізу форматын таңдадық. Студенттердің барлығы маскалық режимді сақтауын қадағалаймыз. Алдағы жоспарымызда студенттік квест «Autumn party» және әр түрлі тимбилдингтер бар», - дейді Жастар саясаты департаментінің маманы Меруерт Батай.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:23

10:39

10:21

19:11

18:10

17:15

17:05

16:15

13:31

12:17

11:50

11:45

10:48

10:29

09:52

09:37

08:33

18:56

18:03

17:30

17:02

15:11

14:12

13:35

12:44