Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері Сурет: А. МЫРЗАГАЛИЕВА

Еріктілер көше тазалаушыларға ыстық шай мен тәтті тоқаштар ұсынды.


«Алматы SOS» жастар қайырымдылық ұйымы бүгінде қаланы аралап, коммуналдық қызметшілерді жылытып, көңілдерін көтеру үшін ыстық шаймен қамтамасыз етуде. Волонтер Әйгерім Қуатованың айтуынша, олар бұл акция туралы әлеуметтік желіде жазба жариялап, 250-ден астам қамқор алматылық ұйымға көмектесуге бел буған.




– Біздің еріктілер туған қаламызды ретке келтіріп жатқан азаматтарға алғысын білдірді. Бұл ұсынысқа көптеген адамдар қолдау білдірді. Көпшілігі азық-түлікпен көмектесті, басқалары ақша аударды. Барлығымыз бас қосып, Алмалы, Медеу аудандарындағы тазалаушыларды тамақтандыруды жөн көрдік. Басында 15 ерікті болды, бірақ бізбен бірге жүруді қалайтындар көп болды. Тазалық жұмыстары қай жерде жүріп жатқанын білу үшін қаладағы коммуналдық мекеме басшыларына телефон соқтық. Осылайша, алматылықтардың атынан қайғылы оқиғалардан кейін көшелерді қоқыстан тазартып жатқан адамдарға қолдау білдірудеміз», - дейді Алматы SOS жастар қайырымдылық ұйымының волонтеры Әйгерім Қуатова.
Күні бойы олар 100-ге жуық адамға шаймен қоса қолдан пісірілген бәліштер мен самсаларды, тәтті тоқаштарды ұсынды.
– Мұндай акцияға бірінші рет қатысып отырмын. Мені бір досым шақырған болатын, бұл бастамаға үлес қосамын деп шештім. Тазалық жұмыстары жүріп жатқан көшелерді аралап шықтық, басшылардың рұқсатымен коммуналдық қызметкерлерге аз уақыт үзіліс беріп, ыстық шәй мен тоқаштармен тамақтандырамыз, – дейді жоба жетекшісі Валерий Знамов.
Еріктілер акцияны алдағы күндері де жалғастырып, оларға қосылуға шақырады. Қамқорлық танытуға ниетті алматылықтар Instagram арқылы хабарласа алады: @almaty_sos

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31