Алматы қаласындағы ХҚКО-да қызметтердің 94% онлайн және 62,3% проактивті түрде көрсетіледі

Алматы қаласындағы ХҚКО-да қызметтердің 94% онлайн және 62,3% проактивті түрде көрсетіледі Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдері айтты.


Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 940-ы смартфон арқылы қолжетімді болса, 28-і проактивті түрде , ал 38-і «БейнеХҚО» форматында көрсетіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Атап өтсек, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі 712 (оның ішінде 1315).  Бұған қоса, 678-і өзіне-өзі қызмет көрсету секторын  (оның ішінде 1235) қызмет ХҚКО операторлары арқылы көрсетіледі). 172-і ХҚКО операторлары арқылы, (оның ішінде 344)



«Электрондық нысанда алынатын мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторына қолжеткізу мақсатында әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтерді проактивті электронды көрсетуге көшу басым бағыттардың бірі болып табылады әрі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», - деп атап өтті істердің электрондық макеттерін бақылау мен заңды және жеке тұлғалармен жұмыс басқарма басшысы Найла Мұхаметқалиева.



Осылайша, келесідей мемлекеттік қызметтер проактивті форматта көрсетіледі:
мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы:
мүгедектік бойынша жәрдемақы;
мүгедек бала күтімі бойынша жәрдемақы;
асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау;
көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
жұмысынан айрылу бойынша жәрдемақы және т.б.


«Азаматтарға арналған Үкімет» мекемесінің Алматы қаласы бойынша өкілдерінің айтуынша, бұл санатқа зейнетақы төлеу қызметі кірмейді. Қызмет Қазақстанның барлық аумағында жұмыс тәжірибесін цифрландыру және еңбек шарттарын тіркеу қажеттілігіне байланысты проактивті форматта қолжетімсіз.


Жасы бойынша зейнетақы, базалық зейнетақы төлемі, сондай-ақ БЖЗҚ төлемін төлеу құрамдас қызмет көрсету принципі бойынша жүзеге асырылады, яғни бір өтініште алушы бір мезгілде үш төлемді ұсынады.


Сонымен қатар, ХҚО филиалдары үйге бару, жеке менеджердің көмегі және QR коды арқылы қызметтерді ұсынады.



«Үйге бару бойынша мемлекеттік қызметті 1 және 2 топтағы мүгедектер, соғыс ардагерлері мен зейнеткерлер ала алады. Бұл тұлғалар қажет кезде 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы өтініш бере алады. Өтініш тұрғын тұратын аудандық бөлімшеге жіберіліп, бір апта ішінде тұрғындарға мамандар келіп қызмет көрсетеді», - деп түсіндірді «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметінің басшысы Жаңыл Әпетова.



Мәселен, жыл басынан бері филиал ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың үйлеріне 2800 рет шығып, 2785 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:45

14:10

13:45

13:27

13:24

13:15

12:50

12:10

11:27

11:15

10:43

10:10

17:48

17:15

16:40

16:10

15:40

15:06

14:57

14:45

13:26

13:03

12:52

12:46

12:43