Алматы қаласында мектептердің бірінші сыныптарына қабылдау бірінші сәуірде қабылдау басталады

Алматы қаласында мектептердің бірінші сыныптарына қабылдау бірінші сәуірде қабылдау басталады newsroom.kz

Алматыда 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап балаларды бірінші сыныпқа тіркеу басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында қабылдау электрондық үкімет порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Бұл ретте өтініш берушінің мектепте болуы талап етілмейді. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да беруге болады. Еgov.kz  "Электрондық үкімет" порталы өтінімдерді қабылдау және балаларды 1-сыныпқа қабылдау бойынша 1 сәуірден бастап қолжетімді болады.


Айта кетерлігі, мемлекеттік қызмет көрсету Типтік ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша, қызмет көрсету ережелеріне сәйкес өтініштерді қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін жүзеге асырылады. Биыл 1-2 сәуір демалыс күндеріне келгендіктен барлық өтініштер 3 сәуірден бастап қабылданады.


Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды бастайды. Қабылдау, даярлық деңгейіне қарамастан, мектепке (шағын учаскеге) қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларға қолжетімді болады.


Сондай-ақ, балаларды өздерінің шағын учаскелері бойынша мектепке ғана емес, бос орындар болса, кез-келген басқа мемлекеттік мектепке де тіркеуге болады.


Еске салсақ, көрсетілетін қызметті алушының мектепке қабылдау жөніндегі қызметті алуға өтінім беруі үшін тұрғылықты жерін растайтын тіркеу (уақытша немесе тұрақты) қажет (тек заңды өкілдер үшін, 14 жасқа дейінгі балаларға тіркеу талап етілмейді).


 


Бірінші сыныпқа өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық:



  1. Өтінім берер алдында өтініш беруші тұратын шағын учаскені анықтауы тиіс. Өтініш берушінің қай шағын учаскеге жататынын Алматы қаласы білім басқармасының bilimalmaty.kz мемлекеттік қызметтер порталында анықтауға болады. Басты бетте, «Шағын учаскелер картасы» бөлімінде, тіркелу немесе тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, «Іздеу» бөліміне өту керек және қажетті  білім беру ұйымын анықтау қажет.

  2. Еgov.kz порталына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы немесе смс-парольдің көмегімен кіруге болады.  Басты бетте «Білім», одан әрі «Орта білім» бөлімін таңдап, «Білім беру ұйымдарына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы) құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымына қабылдау»  бөліміне өту керек. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу. «Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымына қабылдау» өтінімінің түрін таңдап, телефон нөмірін, электрондық поштаны көрсету қажет. Әрі қарай, кімнен өтініш берілетінін таңдау керек. «Баланы таңдау» батырмасын басып, пайда болған тізімнен мектепке түсетін баланы таңдау қажет.

  3. Әрі қарай, оқу формасын, сыныпты, аймақты, ауданды, білім беруді ұйымдастыруды, оқыту тілін таңдау керек. Өтінімді толтырып, баланың 3х4 см мөлшеріндегі цифрлық фотосуретін, № 063/у және № 026/у-3 нысандағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеген жөн. Жүктелетін құжаттардың жалпы көлемі 1 Мбайттан аспауға тиіс.ЭЦҚ өтініміне немесе смс-парольдің көмегімен қол қою (мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті).


Сондай-ақ, ата-аналар үшін «Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» қызметін қалай алуға болатындығы туралы бейнероликті https://youtu.be/a3mfnGjELcc сілтемесі бойынша  көруге болады.



Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі -1 жұмыс күні. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін өз өтініміңізді өңделуі туралы хабарламамен танысу қажет.


Қағаз түрінде өтініш берген кезде мектепке келесі құжаттарды ұсыну қажет:


1) баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;


2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);


3)медициналық анықтамалар (№065/у және 026/у-3 нысандары);


4) баланың өлшемі 3х4 см көлеміндегі екі дана фотосуреті.


1-сыныпқа балаларды қабылдау мәселелері бойынша жедел желі телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз:



  1. Алатау ауданы – 8-708-970-50-42

  2. Алмалы ауданы р – 8-707-133-06-79, 8-708-862-08-78

  3. Әуезов ауданы– 8-702-100-07-77, 8-747-412-93-83

  4. Бостандық ауданы – 8-777-280-66-50, 8-747-105-06-11

  5. Жетісу ауданы – 8-702-673-83-33, 8701-660-65-54

  6. Медеу ауданы – 8-701-783-94-83, 8-775-919-40-00

  7. Наурызбай ауданы – 87782273301, 87021966805

  8. Түрксіб ауданы – 8-777-827-05-80, 8-701-615-49-78


Қалада жаңа оқу жылына 30 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:42

13:05

12:58

12:58

12:57

12:43

12:30

12:16

12:05

11:59

11:50

11:19

10:53

09:50

09:35

09:20

09:05

08:45

08:35

08:20

08:10

21:01

20:48

20:38

19:05